Текст
Кеңөткел ауылының негізгі орта мектебінде мектебіміздің директоры Сакен Шахмаұлы әйелдер қауымын 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Осы орайда мектебіміздің оқушылары ұстаздарға, соның ішінде әйелдер қауымына 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырып өткізді. Әрбір оқушы ізгі ниеттерін білдіріп, ән мен биге бөледі. Барлық сынып оқушылары ұстаздарға өз қолдарымен жасалған гүлдері мен ашық хаттарын ұсынды. Барлық оқушыларға ұстаздар қауымы ізгі ниеттері мен алғыстарын білдірді.