"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Кеңөткел ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кеноткель отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021-2022 оқу жылы

2021-2022  оқу жылына арналған  тәрбие жұмысының  жоспары тәрбие  үдерісіне қатысты негізгі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген  Қазақстан  Республикасында білім беруді және  ғылымды дамытудың 2020-2025  жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігінің 2019 жылғы  15 сәуірдегі № 145  бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  іске асыру  жағдайындағы  Тәрбиенің  тұжырымдамалық негіздері;  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы №525  бұйрығымен бекітілген Қазақстан  Республикасында өлкетануды дамытудың  тұжырымдамалық негіздері басшылыққа ала отырып құрылды.

             Бағдарламаның мақсаты - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын шеңберінде Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында балалар мен жастарды тәрбиелеу.

          Міндеттері:

  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының шеңберінде балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мазмұнын жаңартудың әлеуметтік маңызын өзектендіру: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық даму, сананың ашықтығы аясында;
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі индикаторлары шеңберінде білім беру мен тәрбиелеуді дамытудың әлемдік үрдістерін (жаһандану, интернационалдандыру, кіріктіру, ізгілендіру, компьютерлендіру, сандық жүйеге көшу, смарт және стем білім беру), тәрбие беру саласындағы педагогикалық ғылымның жаңашыл жетістіктерін, тәрбие берудің шетелдік және отандық қазіргі кездегі тұжырымдамаларының негізгі ережелерін, Қазақстан Республикасының орта білім берудің жаңартылған мазмұнын, тәрбиенің әдіснамалық негіздері мен қағидаттарын, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Назарбаев университетінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін есепке ала отырып тәрбиенің жаңартылған мазмұнының мақсаты мен міндеттерін анықтау;
  • білім беру ұйымдарында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін тиімді енгізудің шарттарын ашып көрсету;

заманауи басым жалпыадамзаттық, ұлттық және этномәдени

құндылықтар негізінде тұтас тәрбие процесінде білім алушылар

тұлғасының және олардың отбасыларының, мектептің, мемлекеттің,

балалардың азаматтық қоғамы, қоғамдық ұйымдарының бірлескен іс-

әрекеттерін қамтамасыз ету;

  • балалар мен жастарды тәрбиелеу мазмұнында заманауи реалиялармен, сондай-ақ іс-қимыл компонентін, шынайы әлеуметтік маңызды нәтижелерге негізделген балалар мен жастардың әлеуметтік бастамаларын кіріктіру жүйесін күшейту.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері тәрбие процесінің, әлеуметтің әріптестіктің, құқықтық, ұйымдастырушылық-басшылық, ақпараттық қамтамасыз етудің негізі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 21.02.2023 16:01
Құрылған күні: 21.02.2023 16:27

Текст