"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Кеңөткел ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Кеноткель отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау құрылымы

Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) және отбасы жағдайында тәрбиеленетін балаларға арналған консультатиялық пункт туралы

 ЕРЕЖЕ

   

  1. Жалпы ереже

1.1 Отбасы жағдайында тәрбиеленетін балалар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған консультациялық пункт сайтта мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Кеңөткел ауылының негізгі орта мектебі» КММ-да ұйымдастырылды.

1.2 Консультациялық пункт мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемесінің  құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.3. Консультациялық пункт ата-аналар (заңды өкілдеріне) және білім беру мекемесіне бармайтын балалар үшін жасалады.

1.4. Осы ереже мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде (бұдан әрі-МДБМ) жұмыс  істейтін  Консультациялық пункттер қызметтерін реттейді.

1.5. Консультациялық пункт мектеп жасына дейінгі  балалар тәрбиесі мен дамуында отбасыға көмек көрсету  нысандарының бірі болып табылады.

 

2.Консультациялық пункттің жұмыс істеу мақсаттар мен міндеттері

2.1. Консультациялық пункті отбасы мен қоғамдық тәрбиенің  бірлігі мен келісімдігін қамтамасыз ету, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, білім беру мекемелеріне бармайтын балалардың жан-жақты дамуына  демеу болу мақсатында құрылады.

2.2. Консультациялық пункттің негізгі міндеттері.

МДБМ бармайтын балалардың дамуы үшін жағдайды қамтамасыз етуде, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) жан-жақты көмек көрсету;

Мектеп жасына дейінгі баланың тәрбиесі, оқытуы мен дамуының әртүрлі мәселелері жөнінде ата-аналарға(заңды өкілдеріне) жан-жақты көмек көрсету;

МДБМ бармайтын, мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтенуіне көмек көрсету;

МДБМ және балалара мен ата-аналарға (заңды өкілдеріне) әулеметтік және медициналық жәрдем беретін өзге де ұйымдар арасында өзара әрекеттестік қамтамасыз ету болып табылады.

 

 

3.Консультациялық пункт қызметін ұйымдастыру

 

3.1. Сайтта және МДБМ –де қажетті консультациялар, ата-аналар (заңды өкілдерінің) сұранысы бойынша жеке және топтық консультациялар беру, жазбаша өтініш, телефонмен хабарласу, білім беру мекемесі сайтының жұмысын ұйымдастыру арқылы жән т.б. бойынша сырттай консультациялар ұйымдастыру-консультациялық пункт қызметінің негізгі нысандары болып табылады.

 

 

3.2. Консультациялық пункт ата-аналарға (заңды өкілдеріне) өзінің консультациялық көмегін мынадай мәселелер бойынша жүзеге асыра алады:

Балалардың жас және психикалық ерекшеліктер;

МДБМ-не бармайтын, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу бұзылуын алдын алу;

Балалардың шынығуы мен сауықтыруы үшін жағдай жасау.

3.3. Консультациялық пункт айына 1 рет консультация түрінде сайтқа жаңа ақпарат орналастырады және әр апта сайын мына телефондар: 38-1-34 бойынша хабарласып, керекті ақпаратты алып  немесе өз проблемаңызды хабарлауыңызға болады.

3.4. Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмекті ұйымдастыру мамандар:басшы,медициналық қызметкер,тәрбиеші,педагог-психолог.ата-аналарға (заңды өкілдеріне) консультация беру бір немесе бірнеше өкілдерімен бір уақытта өткізілуі мүмкін.

3.5. Консультациялық пункттің қызметін белгілеу үшін мынадай құжаттарды жүргізу қажет:

Консультациялық пункттің жұмыс жоспары;

Мектеп басшысымен бекітілген Консультациялық пункттің жұмыс кестесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін

Мектеп басшысы

Баймурзин С.Ш.

 

Кеңөткел ауылының негізгі орта мектебінің жанындағы «Арай» шағын орталығының  Консультациялық пунктің 2023-2024 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары.

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға, сондай-ақ балалары мектепке жейінгі және жалпы білім берудің  білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру  ұйымдарында оқитын ата-аналарға  (заңды өкілдеріне)  әдістемелік, педагогикалық және консультациялық  көмек көрсету; білім беру мекемелеріне бармайтын мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіруге жәрдемдесу.

 

 

Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

Таныстыру. Әңгімелесу. Шағын орталықа шолу экскурсиясын ұйымдастыру, сауалнама жүргізу (жеке қажеттіліктерін айқындау)

қыркүйек

тәрбиеші

2

«Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дамуы» дөңгелек үстел  ұйымдастыру

қазан

Тәрбиеші

3

«Баланы мадақтау мен ұялту» дөңгелек үстел

қараша

психолог

4

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы ата-ананың талабы

желтоқсан

медбике

5

«Өз балаңызды білесіз бе?»

Қаңтар

Тәрбиеші

6

«Ойнаймыз да , оқимыз»

ақпан

тәрбиеші

7

«Бала өміріне музыканың әсері»

сәуір

Тәрбиеші

8

Тақырып бойынша және ата-аналардың сұранысы бойынша кеңес беру.

Жыл бойы, сұраныс бойынша

тәрбиеші

9

Ата-аналарға ашық есік күнін ұйымдастыру

Қараша,мамыр

Басшы, тәрбиеші

 

                 Кеңес беру қызметі мамандарының жұмыс кестесі

Маманның  т.а.ә.

Кеңес беру күні мен уақытты

 

Баймурзин С.Ш. – мектеп басшысы

Кайыржанова К. – медбике

Есеснова Ш.М. – педагог-психолог

Каирова А.Ж. – тәрбиеші.

  Әр айдың соңғы сәрсенбісінде

                16.00-ден 18.00.

 

Жаңартылған күні: 20.02.2023 16:47
Құрылған күні: 09.04.2024 18:14

Текст