Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу жолдары
«Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын,болашағына кесірін тигізетін індет».
Н.Ә.Назарбаев.
Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды.
Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. Барлық білім беру мекемелерінде жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Осыған орай біздің мектепте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» жоспары жасалып, бекітіліп жұмыс түрлері жүргізілуде.
Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс-шара мақсатты болып келеді.
Сыбайлас жемқорлық саясатының мақсаттары мен міндеттері: 1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру,оның алдын алу көріністерін азайту
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске» байланысты жүргізілген жұмыс түрлері
Оқушылармен мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында сынып сағаттарын өткізіп, жемқорлыққа арналған заңның орындалуын қадағалау туралы айтып өтті.
«Адал ұрпақ» ерікті клубының жетекшісі «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында 2-9 сыныптар арасында сурет көрмесін ұйымдастырды.
Мектеп кітапханашысы «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбына оқушыларға бейне роликтер көрсетті.