Тақырыбы: «Арайлы Алтын күз!»
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттырып, белсенділіктерін дамытып, ұйымшылдыққа, достыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: плакаттар, күз суреттері, шар, лента, жапырақтар.
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар, көптен сағынып күткен «Арайлы Алтын күз!» атты кешімізге қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Күз – жыл мезгілдерінің бірі. Күзде күн суытып, құстар жылы жаққа ұшады. Егін жиналып, жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе?
1 - жүргізуші: Иә, мен бұл мезгілді «Алтын күз» деп айтар едім. Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялады.
2 - жүргізуші: Жиылған қауым, армысыздар, бәріңіз!
Келіп жетті алтын дәнді сары күз.
Бірге болып қуанышта бәріңіз.
Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз!
1 - жүргізуші: Күз – мереке, күз – ырыстың белгісі.
Қайтып барады мекеніне жыл құсы,
Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз.
Алтын күздің той думаны басталды.
2 - жүргізуші: Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз: бүгінгі «Арайлы Алтын күз!» байқауынан қай команда мықты екенін анықтау.
1-жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің әділ қазылары: мектебіміздің директоры Сакен Шахмаұлы. Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Күли Мәжитқызы. Бастауыш сыныбының мұғалімі Айжан Жеңісқызы.
2-жүргізуші: Ендеше бүгінгі іс-шарамыздың шарттарымен таныс болып кетейік:
1. Таныстыру
2. Газет қорғау
3. Макет қорғау
4. Мода (4 мезгіл)
5. Өнер
1-жүргізуші: Екі топты таныстырып өтсек:
1-топ: Көкөністер
2- топ: Алтын дән.
Нан анасы – бидаймын
Елге астық сыйлаймын
Дәнім толып піскенде
Қауызыма сыймаймын.
Топырақта шұрайлы,
Өскен, қызыл шырайлы.
Қызанақты бала да,
Қарияң да сұрайды. Бекершілік онысы
Дымқылға бай қонысы
Қияр деген, бауырым,
Витаминдер: А, В, С.
Күннің нұрлы шуағы
1 - жүргізуші: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демекші, келесі конкурсымызға көшейік, ол конкурс бізде «Таныстыру» деп аталады. Ол үшін топтар келіп, өз таныстыруларын өлең немесе тақпақ арқылы таныстырады.
1 - жүргізуші: Ендігі сайысымыз «Газет қорғау» деп аталады. Бұл сайыстың шарты, ең әдемі салған топқа және жақсы қорғай алған топқа ұпай беру. Әділ - қазылар өздеріңіз баға беріңіз. Ал, кәне дайын болсаңыздар іске сәттілік тілеп, сайысты бастайық.
2-жүргізуші: Келесі сайсымыз «Макет қорғау» деп аталады. Екі жақтың балалары өздерінің үйге берген тапсырмаларын орындап келеді және ол тапсырма көкөністен немесе жеміс жидектен шарт бойынша жасалу керек. Осы тапсырма бойынша әр топтан екі бала шығып, өз тапсырмаларын қорғап шығу керек.
1-жүргізуші: Ең қызық сайсымыздың бірі «Мода» деп аталады. Осы қызықты бір тапсырма бойынша екі командаға бөлінген оқушылар 4 мезгілді көрсету керек. Ең қызықты көрсеткен командаға жақсы балл ұсынылады.
2-жүргізуші: Ендігі соңғы тапсырмамыз «Өнер» тапсырмасымен аяқталмақ. Осы тапсырмаға кез келген өнерді жатқызуға болады. Мысалы ала кетсек, би, ән, көрініс немесе басқа да өнерлер. Әр топтың өз еркі.
Соңғы сайысымыз мәресіне жетті. Әділ-қазылар жеңімпаздарды анықтап, марапаттады.