Текст
Кеңөткел ауылының негізгі орта мектебінде шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр. Биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі – А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» пәндерінің қайтарылуы.Бірінші қыркүйек күні Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге салтанатты түрде «Әліппе» оқулықтарын мектеп директоры Баймурзин С.Ш табыстады. 1 сыныпқа салтанатты түрде жиын болды, 2-9 сынып оқушыларына сынып сағаты болды. 2021-2022 оқу жылы құтты болсын!