Текст
Кеңөткел ауылының негізгі орта мектебінің оқушылары 1 мамыр күніне орай "Бір шаңырақ астында" атты тәрбие сағатын өткізді. Даярлық сыныптан бастап жоғары сыныпқа дейін әр сынып жетекші өз сыныбымен жұмыстар жүргізді.
«Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай Жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп,Жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз,
ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.
Асқақтаған жау болса, ордасын таптай білген елміз.»
Қазыбек би атамыз айтып өткендей балаларға жақсы тәлім тәрбие көрсетіп, бір халық екенін тәрбие сағатында айтып өттік.